«Музей түні – 2022»
18 мамыр күні Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде, Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» атты ауқымды іс-шара өтеді.Екі жыл қатарынан індеттің салдарынан мерекелік іс-шарамыз онлайн форматта өткізіліп келген болатын.
Биыл кешкі 18:00-деп бастап 23:00-ге дейін түрлі бағдарламалар қала тұрығындары мен қонақтарының назарына ұсынылатын болады.
Музей жанынан киіз үй тігіліп этноауыл құрылып, бір шетінде ұлттық ойындар ойнатылып, екінші жағында қазанға бауырсақ пісіріліп ауылдың тыныс-тіршілігін қалалықтарға қаз-қалпында жеткізпекпіз. Бұдан бөлек қызықты бағдарламаларды келушілер назарына ұсынбақпыз.
Музей ішінде Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына құрылған театрландырылған көріністер көрсетіледі. Көрмелер қойылып, музей суретшісі Мұхаметқали Рахалиев домбыра жасаудан шеберлік сағатын өткізеді. Ұлттық киімнен сәл үлгісі көрсетіліп, ұлттық тағамдарымызға арналған жәрмеңке болады.
Кешкі 21:00-ден бастап «Жыр жалауы – Ыбырай» тақырыбында поэзия кеші басталады. Онда өңірге белгілі ақындар келіп өздерінің туындыларынан көпшілікті сусындататын болады. Одан бөлек Ыбырай өлеңдерімен де көпшілік танысатын болады.
Көздеген мақсатымыз көпшілікті Ыбырай мұрасымен, ұлттық құндылықтарды және жергілікті мәдени мұраны сақтауға шақыру, қала тұрғындары мен қонақтарын музей ісімен жақын таныстыру.
Іс-шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен қала тұрғындарын шақырамыз.

Сералы Мырзабай
Ғылыми-ағартуды қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі