Қарапайым халықтың пікірі ескерілмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуы ел үшін үлкен жаңалық, тарихи қадам болды.
ҚР азаматы әрі жастардың бірі ретінде бұл шешім маған да қатты әсер етті. Яғни, жалпыхалықтық референдум өткізу – Жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім санаймын. Әсіресе, Президентіміздің
Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды конституциядан бастауы әділеттіліктің нышаны деп білемін.
– Біз, Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз! – деп атап өтті өз мәлімдемесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Міне, ең бастысы бұл референдумда халықтың пікірі ескеріледі. Олай болса, Жаңа Қазақстанды құру сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан, ел тарихындағы елеулі оқиғаға өз үлесімізді қосып, Мемлекет басшысының осы ұсынысын қолдауға шақырамын!

Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл аудандық "Сарыкөл" газетінің бас редакторы