Шөптібай БАЙДІЛДИН Жер бедері тартқан сыр
(Жалғасы. Басы өткен сандарда).
Жолдыбек Жанатай батыр "Байтоқта", Қашқын батыр өз атымен аталатын "Қашқын" де-ген жерде жатыр. Кезінде ел қорғаған ерен батырлардан Са-ры Қошқар батырмен қатар Бе-гімбет Иман батыр, Ыстыбай Шәкір батыр, Төлек Жәуке батырлар аттары аталады да басқасы ұмыт қалып келеді. Болмаса осы аймақта қаншама ел қорғаған батырлар болған. Шойынқапта қитаба Тайлақ батыр жатыр. Атақты Мадияр-дың Смайылы, Қошқар батыр-дың Аяпбергені, Бижаны, Бір-жаны, Қаралдының Байқадамы, атақты әулие, емші оташылар Тілеп бақсы шыққан. Әрбір елді мекеннің өзіндік тарихы мен атаулары бар. Сол киелі жер аттарына тоқтала кетсек. "Ке-мер", "Шақпақ", "Қарашатөбе", "Бестам", "Бабақай", "Қойшы-бай", "Сары Қошқар батырдың Қоңыр түбегі", "Қолтық", "Ала-көл", "Қоға", "Талдығара", "Қара-су", "Бижан", "Қабырға", "Ос-пан", "Жолшора", "Қарағанды", "Жалмауыз", "Қандығара", "Қи-сық бидайық", "Құмтөбе", "Са-рыбас", "Бесапан", "Мықы", "Кі-ші мықы", "Тәкібай", "Жылан-ды сай", "Шыңсай", "Тоқмыр-за", "Қашқын", "Жарғұй", "Өлең-ді өзек", "Алтын шыққан Жар-ғұй", "Қызылкөл", "Талас", "Сиыр қырылған", "Астаукөл", "Ұзынкөл", "Қоссор", "Жылкел-ді", "Қоңыр-өзек", "Ақпанши", "Жылқықырылған" "Орта құ-дық", "Тайлақ", "Байтоқ", "Омар", "Қарасу", "Шақат-Мұ-рат", "Құстөбе", "Дау", т.б. жер аттарын бүгінгі жастар біле бермеуі мүмкін. Елсіз жер иесіз жер болып ұмыт бола бастай-ды. "Жолшора" атты жер қал-мақ батыры атымен аталған екен. Осы жерде қазақ батыры-мен жекпе-жекте қазақ баты-рын аттан құлатады. Аттан құ-лаған адамның басындағы ду-лығасы ұшып кетіп қалың қо-лаң шашы жайылып кетеді. Қар-сыласының әйел адам екенін бі-ліп әйелмен соғыстым деп на-мыстанған қалмақ батыры өзін-өзі қанжармен жарып өл-тіріпті деген аңыз бізге жетті. Осындай әр жердің өз тарихы бар.
Торғай даласында әлі сыры ашылмаған, аттары анықталма-ған ерекше қала орындары, қорғандар, кесенелер, жер, су аттары бар. Осы аймақтағы Бүйректал, Үштағаны, үш та-ғандар, сыры толық ашылмаған сырлы там. Сырлы тамға Шың-ғысханның әйелі Күлән жер-ленгенін академик Әлкей Марғұлан 1943-1953 жылдары осы жерге қазба жұмыстарын жүргізгенін білеміз. Табылған құпия қойма Мәскеуге кеткен. Қазақстанда тіркелмеген. Осы жерде қала орны болуы мүмкін.
Құмкешуден 4-5 мың жыл бұрын жерленген 3 адам сүйегі 2006 жылы табылса, әріректе Айтбайдан мың жылдық тари-хы бар атымен, құралымен құ-мырасымен жерленген адам сүйектері табылды. Соңғы екі жылда Қарасу ауылынан алтын теңге, әртүрлі қару ұштары табылса, Жыланшық, Жалау-лы, Хантөбе, Қара оба, Ақ оба, Сарторғай, Торғай аймағы әлі толық зерттелмеген тарихы жа-зылмаған, жер-су аттары тір-келмеген. "Торғай елі" энцикло-педиясы 2014-те шықты. Жер-су атаулары өте сирек.
Тоқанай, Бақсы мола атты жер атаулары бар. Осылардың атауларымен қатар қойнына бүккен құпиялары әлі зерттеліп ашылған жоқ. Торғай аймағы-ның сан ғасырлық тарихы әр кезеңдегі қоғамдық саяси өзгерістерге байланысты жер-су атауларын өзгертіп отырды.
"Қағазға түспеген ой – жо-ғалған қазына" дейді дана хал-қымыз. Бұрын хатталып тіркел-меген соң жер-су, елді мекен аттарын ауыздан-ауызға жатта-лып келген қарттар дерегінен, әріде зерттеген сырт ел ғалым-дары жазбаларынан аламыз.
Күні кешеге дейін, елдің жер-дің тарихын жатқа білетін қа-рия қарттарымыз болды. Өкі-нішке орай, жазып алмадық. Торғайдың шұрайлы жерлерін кезінде Кенесары хан жайлаған. "Майқара, Қарасайға бітер қа-лың, Қошалақ семіртеді арғын малын. Қарасай, Қошалақты ме-кен еткен бір жылы Кенесары аталарың" деп Мұханбетжан Сералин жырлаған. "Шошқа көл" деген жер бар. Көл маңынан жабайы шошқа көрінеді. Нау-рызбай батырмен еріп келе жатқан жақсылар: "Төрем! Сені шапшаң деуші еді, өнеріңді көр-сетші" дейді. Үлкен сөзін қый-маған Наурызбай "Ырыссыз-дың батыры доңызға шабады деуші еді". Сіздер айтқаннан соң болмас деп қабанды қуып жетіп бес қаруын бірдей сілтеп жайратып салады. Сол жер "Шошқа көл" атанады. Жерге иешілік жасайтын адам. Кім сол жерге иешілік жасаса сол адам атымен қосып айтылады. Тосын болысын – Шеген, Қарақоға болысын Қыпшақ Тоймағанбет, Сары қопа болысын – Мадияр Бөлтірік басқарған. Тарихи "Ақкөл" ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың отаны "Қызбел" "көзіңді аш, оян қазақ көтер басты, өткізбей қараңғы-да бекер жасты" деп, қалың қа-зақты оятқан Мыржақып Ду-латовтың отаны. Сәбит Мұқа-новтың "Мөлдір махаббат" ро-маны кейпікерлерінің отаны. "Өлгендердің қабірін біл, тірі-лердің қадірін біл" деген аталы сөз бар. Кешегі кесірлі кеңес за-манында неше алуан асылдары-мыз қудалауға ұшырап көбісі кебіні жоқ, көрі жоқ жат жерде мәңгілікке тұрақтады. Болмаса сол асылзада азаматтардың ту-ған жері, өскен ортасының атаулары болды.
Жер, су атауларын айта оты-рып сол жерлерде өмір сүрген тарихи тұлғаларды айтпай кету жөнсіз болар. Осылардың ішінде діни шамшырақтардың еңбегі халық үшін ерекше еді.
(Жалғасы бар).