«My robot — my friend»: аймақтық кезең жеңімпаздары анықталды

30 сәуір күні барлық NIS жүйесінде «WORLD ROBOT OLYMPIAD- 2022» робототехникадан халықаралық олимпиаданың аймақтық іріктеу кезеңі өтті.
Жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиаданың миссиясы – робототехникадан жарыстар ұйымдастыра отырып, мүмкіндігінше көптеген жастарға өздерінің шығармашылық қабілеттерімен проблемаларды шешу дағдыларын қызықты түрде дамытуға мүмкіндік беру. Әр маусымда WRO қатысушылардың жасына сәйкес келетін жаңа тақырыптар мен тапсырмалар орындалады.
WRO 2022 маусымыныңт ақырыбы – "Менің роботым – менің досым». Робототехника мен жасанды интеллектің үйлесімі әлемді, әсіресе адамдардың өмір сүру ортасын өзгерте алады. Маусымның міндеттері роботтардың адамдарға қалай көмектесе алатындығына байланысты. Робот пен адамның өзара әрекетін қалай пайдалы және қауіпсіз ете аламыз? Командалар күнделікті өмірде бізге қамқорлық жасайтын, құтқаратын немесе қызмет көрсететін роботтарды құрастырады.
Олимпиада Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “RoboMission. Junior”, "RoboMission. Senior”, “Future Innovators. Senior” және "Future Engineers” аталатын 4 санаты бойынша өткізілді.
Сайысқа робототехника саласына қызуғушылығы бар 11-19 жас аралығындағы жалпы орта мектеп командалары қатысты.
Сайыс нәтижесінде:
"RoboMission. Junior” санатында Мария Баюк және Кирилл Хегай («Lightbulb» NIS командасы);
"RoboMission. Senior” санатында Рустам Жұматов және Павел Ляпустин («Ibrashka» NIS командасы);
“Future Innovators. Senior” санатында София Синицина және Амина Искакова («EWA» NIS командасы);
"Future Engineers” санатында Владимир Чуприн және Александр Дейнега («Бауыржановцы» №5 ЖББМ командасы) жеңіс тұғырынан көрінді.
Аймақтық кезең жеңімпаздары олимпиаданың биыл маусым айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓