Облыс әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Бақыт Есімованың Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен кеткені туралы Instagram-дағы парақшасында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады."Есімова Бақыт Амангелдіқызына жемісті және сапалы жұмысы мен жоғары кәсібилігі үшін шын жүректен алғыс айтамын! Бақыт Амангелдіқызының қызметі өңірдің әлеуметтік саласында тиімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Б.Есімова бізде шамамен екі жыл жұмыс істеді, енді ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына ауысты. Облысымыздың дамуына қосқан үлесі, көрсеткен күш-жігері, жауапкершілігі, адалдығы мен еңбексүйгіштігі үшін алғыс айтамын! Жаңа қызметте табыс тілеймін!" – деп жазды аймақ басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта бұл қызмет орны бос тұр. Б.Есімованың міндеттерін облыс әкімнің басқа орынбасарлары уақытша атқарады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓