Облыс әкімінің құттықтауы
Құрметті қостанайлықтар, жерлестер!
Қазақстан халқының бірлігі күні әрқайсымыз үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығының, шынайы патриотизмнің символына айналды.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі бүкіл әлемде ерекше құрметке ие. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Біздің облысымыз республиканың көпұлтты аймақтарының бірі.
Қостанай облысында Мемлекет басшысының саясатын 18 этномәдени бірлестік жүргізеді, олар аймақта тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтайды және оларды дамытуға атсалысады. Жасампаздық рухымен ұштасқан қостанайлықтар әрқашан тәуелсіз Қазақстанның сенімді тірегі болады және ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қомақты үлес қосып келеді.
Бүгінде этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Қазақстанның тұрақтылық пен келісімді нығайту жөніндегі саясатының мақсаттарына адалдығын жеке мысалмен көрсетіп отыр. Тек соңғы жылдың өзінде этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның белсенділері 11 мыңға жуық адамды қамтып, 100 млн теңгеге көлемінде көмек көрсете отырып, 200-ден астам қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдары үлкен жасампаздық жұмыс жүргізуде. Олардың белсенділігі мен қоғамдық дамуға үлес қосуға деген ұмтылысы барлық салада азаматтардың өмірін жақсартуға көмектеседі.
Құрметті жерлестер! Сіздерге денсаулық, табыс, амандық және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!
А.МҰХАМБЕТОВ,
Қостанай облысының әкімі