Бюрократиядан арылту

Жылдың басында Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: тағы бір мәселе – бюрократияның етек жаюы.
Ол азаматтардың санасында мемлекеттік аппарат туралы баяу жұмыс істейтін немқұрайлы машина деген әділ түсінік қалыптастырады. Бюрократия – реформалардың сапасыз орындалуының негізгі себептерінің бірі, деген болатын.
Осы ретте Президентіміздің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы арнайы Жарлығы еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған тағы бір нақты қадам екені сөзсіз. Жарлықта мемлекетті түбегейлі бюрократтықтан арылтудың нақты жолдары көрсетілді. Нақты іс-шаралар жоспары бекітіледі.
Оның барлығы «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру бағытында жаңа іс-қимылдар жасауға ықпал ете отырып, қарапайым халықты әртүрлі әурешіліктерден құтқарады. Сонымен бірге, бюджет қаржыларын үнемдеуге, еңбек ресурстарының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні күмәнсіз.
Әлия САПАРОВА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓