«Е-Salyq Business»: қандай артықшылықтары бар?

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосқан еді. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланады. Енді бұл қосымша одан сайын жетілдіріле түсті.
Атап айтқанда, «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдеткен.
Мобильді қосымшаның функциялары:
1) жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
2) кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
3) қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
4) салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
5) жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
6) оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
7) кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.
Одан бөлек, «E-Salyq Business»-те ыңғайлы сервистер әзірлену үстінде. Олардың көмегімен салық органдарының жіберген хабарламасын алуға; бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге; артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар анықтаман алу мүмкіндігі де бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, өзінің және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды алуға болады. Бұлардың барлығы талап етілген орындарға ұсынуға арналған.
Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.
Биыл «E-Salyq Business» қосымшасын алдағы уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтары да пайдаланатындай етіп, функциясын кеңейту жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓