Өрт өмір жалмады

Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, одан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Өрт аумағы 70 шаршы метрді қамтыған. пожарр«Әулиекөл ауданы ТЖ бөліміне тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнынан 54 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды. Кейіннен оның үй иесі екені анықталды. Өрт сағат 10:50 шамасында сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 қызметкері мен 2 арнайы техникасы жұмылдырылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр. Басқа зардап шеккендер жоқ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓