5-қабаттан құлап кетті

Қайғылы оқиға Қостанай облысының Рудный қаласында болған. Оқыс жағдай туралы ақпарат жергілікті "ТВС-Магнетит" басылымының инстаграм-аккаунтында жарияланды.
13 сәуір күні кешкілік Павел Корчагин көшесіндегі үйдің 5-қабатындағы терезеден 2 жасар сәби құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ұл бала ауруханада көз жұмды.
Сәби пластик терезеге ұсталған шыбын-шіркей торына сүйкеніп тұрған. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Тұрғындардан баланы қараусыз қалдырмауды және сақтық шаларына барынша мән беруді сұраймыз. Ал москит торы құлап кетуден сақтамайды, – дейді Рудный қаласының ТЖБ қызметкерлері.
Осы оқиға туралы деректер сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін полицейлерге берілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓