Әр салада өсім бар

Бүгін «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы  Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен  облыстық депутаттық фракция отырысы өтті. Жиында облыс әкімі партияның сайлауалды бағдарламасының өткен жылғы Жол картасын орындаудың қорытындылары туралы сөз сөйледі.Жол картасы облыстың 2025 жылға дейінгі дамуының 7 негізгі басымдығы бойынша мәселелерді шешуге бағытталған. 
Жол картасының 121 іс-шарасы 13 мақсатты индикаторды қамтиды. Онда 2 мың пунктке 2 трлн теңгеге жуық қаржы қарастырылған.Шағын және орта бизнес саласында, коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, 2021 жылы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 7% – ға және олардың кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 1,6% – ға ұлғайды, ал ШОБ өнімдерін шығару 21,8% – ға өскен.
"Әлеуметтік бағдарланған өңір" бағдарламасының денсаулық сақтау саласындағы бағыты шеңберінде, облыстың медициналық ұйымдары үшін МРТ, КТ, 14 бірлік УДЗ-аппараты, 21 цифрлық флюорографиялық және 4 бірлік цифрлық маммографиялық рентген-аппараты сатып алынды, 32 денсаулық сақтау объектісі жөнделді, оның ішінде бесеуі күрделі жөндеуден өтіпті.Сонымен қатар, аймақ басшысы білім беру саласында 2021 жылы Қарасу ауданының орталығында 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп пайдалануға берілгенін мәлімдеді. Қазір 2 200 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр (Қарабалық кенті, Қостанай қ. "Береке"  және "Қонай" шағын аудандары). 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 99,9% деңгейінде орындалды.
Сөз соңында өңір басшысы осы жылға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін  тиісті көлемде қаражат қарастырылғанын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓