Кене шағу фактілері тіркеліп жатыр

Қостанай облысында күн жылынғаннан кейін кенелер шыға бастады. Ересектер мен балаларды жәндік шағып, ауруханаға түсіп жатыр.
«14 сәуірде облыстық емдеу ұйымына кене шаққан 6 адам, соның ішінде 1 бала түскен. Алынған паразиттер кенелердің негізгі қоректенушілері – кеміргіштер арасында эпизоотияны анықтау үшін сынақ материалы ретінде пайдаланылады», – деді Қостанай облыстық санэпидбақылау департаментінен. Ведомствода нақтылағандай, қоздырғыштар бөлінсе, эндемиялық аудандарда тұратын тұрғындарға жұғу қаупі бағаланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓