«Халал Даму» сертификатын иеленді

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Қостанай қаласындағы «Zam-Zam» дәмханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» сертификаты берілді.Дәмхана ұжымына арнайы куәлікті облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы салтанатты түрде табыс етті.
-Соңғы кездері халал ас әзірлейтін дәмханалардың саны артып келеді. Бұл, әрине, қуанышты жағдай. Мұсылман қауымның дәмханаға келіп, ештеңеден сескенбей ас ішуі өте маңызды. Сондықтан адал ас дайындауда талмай еңбек етіп жүрген жандарға алғысымыз шексіз, – дейді облыстық мешіттің қызметкері Қанат Орынтай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓