Көтерген мәселеміз жерде қалмады

Қостанайдағы он балалы Оспановтар отбасының бала-шағасымен 50 шаршы метр пәтерде қысылып-қымтырылып отырғаны жайында түйткілді бұған дейін бірнеше рет айтып, газетке арнайы мақалалар жариялаған едік. Көтерген мәселеміз жерде қалмай, қасиетті Рамазан айындағы көптің тілеуі қабыл болды! Айта кетейік, 29 наурызда Атымтай мен Құралайдың шаңырағында оныншы перзенті дүниеге келген болатын.
Бүгін Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев көп балалы отбасына барды. Ата-аналарды отбасының қуанышымен құттықтап, сыйлықтар табыс еттім. Тұрғын үй жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен танысты.
«Отбасы меншік құқығындағы тиесілі пәтерде тұрады, сондықтан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрмайды. Пәтер тар және орын жетіспеушілігі отбасы мүшелеріне қолайсыздықтар туғызатыны анық. Бұл жағдайда заңнама мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мәселені шешудің бір ғана жолы бар – демеушілік көмегін тарту. Осы орайда көп балалы отбасын қолдауға "Болашақ констракшн" құрылыс компаниясының құрылтайшысы Уәлихан Нысанов ниет білдірді. Отбасының тұрғын алаңын кеңейту мақсатында құрылыс мердігері салынып жатқан "Отбасы" элиталық тұрғын үй кешенінде ескі пәтерді 90,7 шаршы метр болатын жаңа 3 бөлмелі баспанаға айырбастауды ұсынды. Үйді тапсыру және жаңа пәтердің кілтін табыстау ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған», – деді қала басшысы.
 

You may also like...

1 Response

  1. Байбатыр айтты:

    Осыған дейін беру керек еді. 10 – шы нәрестені күтпей

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓