Әзірлік ойдағыдай

Аманкелді ауданында көктемгі егіс науқанына әзірлік басталды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс жайын «Табыс» ЖШС директоры Бірнар Саматов баяндап берді.– Дала жұмыстары қарқынды қолға алынды. Жұмысымызға еш кедергі жоқ. Мемлекет тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Әдеттегідей, дәнді дақылдың әртараптығына ерекше назар аударылуда. Арам шөптерді жоюға қажетті гербицидтерге, техника алуға жеңілдіктер қарастырылған, субсидия берілуде. Жанар-жағар май да жеңілдетілген бағамен беріледі. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды түгендеп, тапсырып қойдық. Оң шешілеріне сенімім зор. Биыл 6000 гектар алқапқа дән сеппек ойымыз бар. Оның 1000 гектары арпаға, қалған 5000 гектары бидайға арналған. Техниканың 80% жаңа. Штатта жиырма адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың жалақысы уақтылы беріліп отырады. Науқан кезінде үстемелік ақы қарастырылған. Бидайға арналған қоймалар, өлшегіштер бәрі дерлік сақадай-сай. Аумақ бойынша барлығы қамтамасыз етілген. Мал шаруашылығын дамытып, өркендету үшін біраз жұмыстар жасалып жатыр. Биыл егінге жайлы, алынатын өнім айтарлықтай жоғары болады деп сенеміз, – дейді «Табыс» ЖШС директоры Бірнар Әділұлы.
Өткен жыл шаруалар үшін оңайға тиген жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан дән шығымы айтарлықтай төмен болды. Биыл ылғал мол, күн райы да қолайлы көрініп тұр. Үкімет тарапынан да қолдау күшті. Осыған сүйенген диқандар қауымы осы жылдан үмітті екенін айтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓