Жол талғамайтын көлік еді…
Қостанай тұрғынының жол талғамайтын көлігі астфальттың ойығына кіріп кетті, деп хабарлады "Қазақпарат" alau.kz порталына сілтеме жасап. Жүргізуші әйел тоқтағысы келгенін, артқа шегініп, сосын алға жүрген кезде алдыңғы дөңгелектері асфальтқа кіріп кеткенін айтты.
«Қостанай жүргізушілеріне жолда абай болу керектігін ескерткім келеді. Көлік ай-күннің аманында асфальтқа кіріп кетті», – деді жазды ол. Оның айтуынша, жердің астынан жылу келіп тұрған. Ол жылу құбыры жарылды деп болжап отыр.
«Адамның да түсіп кетуі әбден мүмкін. Шынымен қорқынышты болды. Машина жерге кіріп бара жатқанда, әрең шығып үлгердім», – дейді ол.