Ұлт батыры – Кейкі мерген
Қазақ даласының еркіндігі мен тәуелсіздігін аңсап, соның жолында өмірін қиған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, Аманкелді Имановтың үзеңгілес сардары, халық арасында "қол мерген" атанған халық батыры Кейкі Көкембайұлының өмірден өткеніне 100 жыл толды. Осыған орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Ұлт батыры – Кейкі мерген» атты тарихи кеш ұйымдастырылдыЖиынға аудан әкімі Талғат Кәрбозов, Кейкі тақырыбын зерттеп, артына мол мұра қалдырған қарт қаламгер, журналист Бөгетбай Әлмағанбетұлының баласы, ұстаз, кәсіпкер Нұрлыбек Әлмағанбетов, аудандық мәслихаттың бас маманы Ғалым Әлшорин, аудандық А.Иманов атындағы мемориалдық мұражайдың бұрынғы басшысы, зейнеткер Ұлмекен Ибраева, ауданның қадірлі ақсақалдары, т.б. оқырмандар қатысып, ой-пікірлерін бөлісті.Кеңес дәуірі кезінде Кейкі батырдың ерлігі түгіл, есімін ауызға алуға тыйым салынған. Кейкіні аса қатал жау көрген саясат оны шамасы келгенше тарих сахнасынан өшіруді мақсат тұтты. «Жауыз», «бандит», «қанішер» ретінде көрсетті. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихымыз екшеленіп, шындық айтыла бастады.
Кейінгі жас ұрпаққа Кейкінің күрделі тағдырын баяндай отырып, оның ерлігін насихаттау мақсатында өткізілген бұл кеште алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы Кейкі батырдың жанкешті өміріне тоқталып, ерлігін, есімін ұлықтау мақсатында аудан деңгейінде өткізіліп жатқан іс-шараларды да бір саралап өтті.Кейкі Көкембайұлы 1871 жылы Торғай уезіне қарасты Қайдауыл болысының Байтума қопасы деген жерінде дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. Ал оның Кейкі аталуының сыры –о л жасынан құс атып, аң аулап, өзен-тоғай аралап, кісіге онша қосылмай, кісікиіктеніп жүретін болған. Содан жеңгелері қайнысын Кейкі деп атайды. Кейін бұл есімі қайта-қайта айтыла берген соң, оған басқалардың да құлағы үйреніп, бабамыздың Нұрмағанбет деген есімі бірте-бірте ұмытыла бастайды.Амангелді ауданының құрметті азаматы, баспасөз саласында жарты ғасырдан астам еңбек еткен қарт қаламгер, ел мен жер тарихы туралы артына мол мұра қалдырған ,«Торғайдағы азаттық көтерілісі» атты еңбектің авторы Бөгетбай Әлмағанбетұлының баласы Нұрлыбек Бөгетбайұлы да Кейкі туралы, оның тағдырлы өмірі, қуғында жүрген, қиянат көрген кезіне, белгілі жазушы А.Нұрмановтың да осы Кейкіге арнап жазған «Құланның ажалы» атты тарихи шығармасына да тоқталып өтті.
Есімі мен ерлігі ел аузында аңызға айналған тағдыры күрделі дара тұлға жайында жерлес жазушы Ақан Нұрманов "Құланның ажалы" атты тарихи роман жазды. Көрнекті ақын Серік Тұрғынбекұлы "Кейкі батыр" тарихи дастанын жазса, торғайлық белгілі журналист Ахметхан Байжан "Құлан Кейкі батыр" атты деректі хикаяттар жинағын, Әубәкір Қылышбайұлы "Құлан Қыпшақ Кейкі батырдан соң" кітапшасын жарыққа шығарды.
Келесі кезекте сөз алған аудандық мәслихаттың бас маманы Ғалым Әлшорин талай тарихи оқиғалардың куәсі болған Ұлы Жыланшық бойының қасиеті, Кейкі батырдың ерлігі, оның киесі, аса шапшаң қимылы, ат өнерін жетік меңгергендігі жөнінде айта отырып, осындай насихат жұмыстары жиі өткізіліп тұрса деген ниетін де білдіріп өтті.
Ауданның құрметті ақсақалдарының бірі, кітапхананың тұрақты оқырманы Балға Нұрғожин да Кейкінің ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс, кейінгі ұрпақ тәуелсіздік үшін жанын қиған осындай ерлерін ұмытпауы тиіс екендігін және өзінің ақыл-кеңесін жеткізді.
Зейнеткер Ұлмекен Ибраева тарихи құжаттарды негізге ала отырып, Кейкінің қуғынға түскен күндері, Әбдіғапар мен Амангелді батырмен бірге жүріп өткен жолдары жайлы, оның және туыстарының айуандықпен өлтірілуі,т.б. көптеген ақпараттарды беріп өтті.
Торғай даласында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресті көрнекті ұйымдастырушылардың бірі, Кейкі Көкембайұлы 1922 жылдың наурыз айында Аманкелді ауданының Жыланшық өзені жықпылындағы Жалаулы деген жайлауда айуандықпен өлтірілген.
2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі Ресейден елімізге қайтарылған болатын. Халық батырының басының елге оралуын қазақ халқы қуанышпен қарсы алды.Кейкі батырдың кесенесі облыс әкімінің шешіміммен Арқалық-Жалдама тас жолының бойында салынды. Бүгінде кесене заманауи талаптарға сай тұрғызылып, елдің тәу етіп барар киелі мекеніне айналды.
«Ұлт батыры – Кейкі мерген» атты суретті-кітап көрмесі жасалып, кітапхана библиографы Рая Әлмағанбетова кітапхана қорындағы Кейкіге арналған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға шолу жасап өтті.Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің әншісі Дүйсенғали Асылханов «Кейкі мерген» әнін көпшілікке тарту етті.
Іс-шара аясында Кейкінің басында құрбан шалынып, құран бағышталды.