Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен кұттықтаймын! Архимед1Бүгін біз Ата заңның қабылданғанына 25 жыл толуын мақтанышпен атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие.
Ата заңның қабылдануы алғаш рет ең жоғары құндылығы Адам болып табылатын демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құруға бағыт берді.
Конституция мемлекеттік егемендікті, билік пен қоғам құрылымының демократиялық принциптерін бекітіп қана қоймай, елдің үдемелі дамуы үшін нақты бағдарларды анықтады.
Тәуелсіз Қазақстанның даму сатылары Ата заңның барлық ережелерін іске асырумен тығыз байланысты. Конституция біздің әрқайсымыз үшін Қазақстан халқының бірлігінің символы, облысымыздың және бүкіл еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі болып қала береді.
Қымбатты жерлестер!
Ата заңның мерейтойын атап өту күні атқарылған жұмыс пен Отанымыздың жалпы табысына деген қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен құт-береке тілеймін!
Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!
 
Архимед Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓