Әлемдік сында топ жарды
15-16 наурызда Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы өтті. Бұл беделді білім додасында қостанайлық оқушы жеңімпаз атанды.АТМО – Тынық мұхиты өңірі елдері арасындағы жарыс. Жыл сайын өтетін білім сынағына Ресей, Канада, Жапония, АҚШ, Австралия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Гонконг секілді қырықтан астам ел қатысады. Қазақстаннан аталған олимпиадаға 131 қатысушы өтініш білдірді, олардың екеуі – Қостанай облысының оқушылары. Шарт бойынша, қатысушылар 4 сағат ішінде 5 есепті шешуі керек.
Нәтижесінде 39 қазақстандық оқушы жүлдегер атанды. Жіктеп айтқанда, 5 үміткер 1-орын, 13-і 2-орын және 22-сі 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар қатарында жерлесіміз, дарынды балаларға арналған "Білім – Инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жан Даутов бар. Ол олимпиаданың алтын медалін иеленді.
Бұл қостанайлық оқушылардың АТМО-дан алған екінші медалі. Алғашқы жүлдені 2013 жылы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Дамир Тлеубаев иеленіп, қоржынға қола медаль салған еді.

Айта кетейік, АТМО 1989 жылдан бері өткізіліп келеді.