Лизинг – қолайлы құрал
Бүкіл әлем қолданатын, алпауыттар ұшақ, кемені, шағын кәсіпкерлер жүк тиегіш техникаға дейін осы лизинг арқылы алады. Әсіресе, кәсіпкерлер айналымдағы ақшасының мұртын бұзғысы келмесе, «Даму-Лизинг» бағдарламасы арқылы керек дүниесін дәл қазір алып, ақысын біртіндеп төлеулеріне мүмкіндік бар.
????Бағдарлама шарттары:
✔️Максимал сома: 500 млн теңгеге дейін
✔️Мөлшерлемесі: жылына 16%-дан аспайды
✔️Мерзімі: 7 жылға дейін
Несие алып, солақшаға техника алғаннан лизингке жүгінгеннің бірнеше артықшылығы бар. Санамалап көрсетер болсақ:
▪ Кепілдік іздеудің қажеті жоқ. Себебі алатын техникаңыз кепілзат болып есептеледі.
▪ Арзан болуы мүмкін. Лизинг компаниялар сіз алатын көлік, құралдарды көтерме бағамен алып қояды да, кейде жеңілдіктер ұсынатын жағдайлар болады.
▪ Лизинг ұсынатын компания бизнестің ерекшелігіне қарай төлем кестесін жасап бере алады. Соның арқасында қарызды әр айға тең бөліп немесе бизнес жүретін маусым ерекшелігіне қарай реттеп алуға болады.
Лизинг шартын қалай жасайды?
1⃣Біздің әріптес-лизинг компанияға (тізімі damu.kz сайтта бар) өтінім беріп;
2⃣Өтінім мақұлданса, қаржылай лизинг пен техниканы жеткізу шартына қол қойып;
«Даму-Лизинг» бағдарламасына қатысу шарттарын толық оқу үшін және әріптес лизинг компаниялар тізімімен танысу үшін Қордың ресми сайтына https://damu.kz/kz/programmi/loans/damu-lizing/ сілтемесі арқылы кіру керек.