Селодағы серпінді істер

Әулиекөл селосының әкімі Досбол Құсайыновтың айтуынша, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына және селоның санитарлық тазалығына аудан бюджетінен биыл 14 млн.800 мың теңге, ал жарықтандыру жұмыстарына 6 млн. теңге бөлініпті.

Ауданда жеке және мемлекеттік мекеме, кәсіпорын аумақтарының тазалығына да ерекше мән беріледі. Аптаның әр бейсенбісі сайын әр мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары өздеріне тиесілі жерді күл-қоқыстардан тазартып отыруды дәс-түрге айналдырған десе де болады. Ал, аудандағы "Әулиекөл сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қоқыстарды, тұр-мыстық қалдықтарды шығаруға ғана атсалыспай, аптасына бір рет көшелерді сыпыру жұмыстарын да атқарады.

– Қазіргі күні аудандағы Мамедова, Автомобилист, Қостанай, Торғай, Затобол, Дорожная, Ер-кімбаев, Степная сияқты көшелердегі жолдар жөндеуді қажет етіп отыр. Мәселен, Степная сияқты шет жақтағы көшелерді әсіресе
қыста қар, жазғытұрым кездерінде су басып, тұрғындарды әбігерге салып жататыны жасырын емес. Асылы, ондай көшелерге асфальт төсеп, жаңа жол салу мүмкін емес, оған қыруар қаражат қажет. Тек, жамап-жас-қау, тегістеу сияқты жұмыстар жүргізуге ғана мүмкіндік бар. Сондықтан, алдағы уақыттарда осы көшелерді бірте-бірте жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Сондай-ақ, биыл аудандағы жеті көлдің екеуіне күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта 1 Май көшесіндегі көпірді жөндеу жоспарланып отыр. Ал, су мәселесіне келер болсақ, 2009 жылы село ішіне су құбыры тартылған болатын. Бірақ, барлық көшені сумен қамту мүмкін болған жоқ. 2016 жылы "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша екінші транш арқылы біздің ауданға қаржы бөлінеді деген жоспар бар. Сонда қамтылмаған басқа көшелерге су тартылатын болады. Бүгінде әр үйде скважина, көше бойларында құдықтар да бар, сондықтан ауыз судан айтарлықтай проблема жоқ, – дейді село әкімі Д.Құсайынов.

Қарлығаш
ОСПАНОВА
Әулиекөл ауданы.
Суреттерде: Әулиекөл селосының әкімі Д.Құсайынов; жаңа аялдамалар саны артып келеді; қоғамдық жұмыскерлер жұмыс үстінде.
Суреттерді түсірген автор.