Жолдаудың берері мол

Қазақстан президентінің кезекті жолдауындағы өзекті тақырыптардың бірі, мелекет қазынасынан кейінгі ұрпаққа көңіл бөліп, әр баланың жеке есебінде өзінің болашаққа деген қаржы мүмкіндігінің болуы қуанарлық жағдай.
Мемлекет басшысының сайлау кампаниясының уақытын жария айтуынан және Президенттік мандатты жеті жылдық бір мерзімге қысқарту туралы ұсынысынан нені байқадық? Бұл Қ.Тоқаевтың Қазақстанда тұрақты демократиялық модель қалыптастыруға қатысты саяси бағытын кезең-кезеңімен атқарып жатқанын көрсетті.
Байқасаңыз, көптеген көршілеріміз бүгінде демократиялық процестерден алшақ саясат ұстанып отыр.
Бұл орайда Қазақстан Президенті көрші елдердің алдында жаңа тренд қалыптастырып жатыр. Тоқаевтың тренді – саяси либерализация, билік жүйесін құруда жаңа демократиялық механизмдерді қалыптастыру.
Жер көлемінен 9- шы орында тұрған қазақ елінің әр тұрғыны бай-қуатты болуға тиіс. Бірақта, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын,- демекші. Әр адам өзін жан-жақты дамытып,еңбек жасауы керек. 
Мемлекет қарапайым еңбек адамын, бұрынғы кеңес уақытындағыдай көтермелеп, олардың әр ісіне марапат,көтермелеу,жеңілдіктер берсе тіпті жақсы болар еді. Ғылым мен техниканы дамытуға көп көңіл бөлсе.
Жалпы Қ.К. Тоқаевтың осы жолдауы халықтың әл-ауқатын көтеруге,денсаулық, білім саласының өркендеуіне жақсы әсер етеді,- деп ойлаймын.

Нұрлыбек ӘЛМАҒАНБЕТОВ,
Аманкелді аудандық маслихатының депутаты, 'Халық алғысы" төсбелгісінің иегері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓