Саяси реформалар, жаңа бағдарлама

Бүгінгі Президент Жолдауын барша қазақстандықтар үлкен үмітпен күтті. Мемлекет басшысының өзі айтқандай, расында, бұл Жолдаудың маңызы айрықша.
Президент елімізді күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, олар өзгелерге жақсы көріну үшін жасалмайтынын тілге тиек етті. «Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналатынын алға тартты: «Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз,- деді ол.
Сондай-ақ, халықтың сенімін нығайту үшін мәслихат жұмысы пен облыс әкімдерін тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізілмек. Сонымен қатар, енді елімізде Жоғары аудиторлық палата деп аталатын жаңа құрылым пайда болады. Басты мақсаты ел қазынасының әрбір тиыны мақсатты жұмсалуына бақылау жасау.
Менің ойымша, таяуда жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар бұқара халықтың көңілінен шығады.
Мәди Ихтиляпов,
Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓