Өміршең бағдарлама өміріңді жақсартады
«Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту орталығы» АҚ Қостанай филиалының директоры
2015 жылдың қаңтарынан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына айтулы өзгерістер енгізгелі отыр. Оның да өзіндік себебі бар және бұл өзгерістерді өмірдің өзі талап етуде.
Кешегі Кеңес Одағы тұсында салынған тұрғын үй қорының дені күрделі жөндеуді және инженерлік коммуникацияны жаңғыртуды қажет етеді. 2011 жылы 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Мұның өзі жергілікті атқарушы органдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі үшін басшылыққа алып, әрекет ететін маңызды құжат болды.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастаған төрт жылдың өзінде Қостанай қаласында 51 тұрғын үй жөнделді, соның ішінде биыл 11 үй қалпына келтірілді.
Дегенмен өткен жылдар тәжірибелі бұл салада шешімін табар талай проблемалар бар екенін көрсетті. Оған сондай үйлерде тұрып жатқан кейбір тұрғындардың шағым-арызы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар дәлел. Тұрғын үйлерді жөндеу сапасы әркез жоғары болып отырған жоқ. Өз өндірістік базасы және маман кадрлары жоқ мердігер төлем ақшаны алдын ала алып қойып, кез келген уақытта жұмысты аяқтамай сырт айналатынды шығарды. Мұндай жайттар тек біздің өңірде ғана емес бүтіндей елімізде кездесті. Сонымен бірге бағдарламаға қатысатын кейбір үйлердің тұрғындары қаржы үнемдеу мақсатымен жөндеу жұмыстарын барынша қысқартуға тырысады. Шатырды, жылу және сумен жабдықтау жүйесін жөндегенмен ғимаратты термомодернизациялауды ұмыт қалдырады, өйткені оған қомақты қаржы керек. Ал бұл жылудың 35% үнемдеуге жол ашатынын ескермейді. Термомодернизация дегеніміз бұл тек терезені, есікті, қабырғаны, басқа да жылу рәсуа болатын жерлерді бекіту ғана емес, бұл үйге автоматты жылу реттейтін құрал орнату керек деген сөз. Бұларсыз энергия үнемдеу бағдарламасын орындау мүмкін емес.
Міне, сондықтан да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Біріншіден, үйлерді жөндеу үрдісін енді әкімдіктер жанынан құрылған арнайы уәкілетті ұйымдар атқарады. Екіншіден, бұрынғы қарастырылған жөндеу жұмыстарының типтік түрлері, енді атқарыл-майды. Енді термомодернизация жөніндегі жұмыстың екі түрі болады: ең аз мөлшері – шатырды, подъезді және жертөлені жөндеу (жылыту) және ең көп мөлшері – шатырды, подъезді, жертөлені және лифті жөндеу (жылыту). Егер шатырды, қасбетті және подъезді жөндеу қажет болмаса, жертөлені жөндеу (инженерлік жүйені қоса алғанда) ерекше мәнге ие болады.
Міндетті түрде автоматтандырылған жылу пункттері орнатылады. Бұл ауаның темпера-турасына байланысты жылуды тұтынуды рет-тейтін жүйе. Республикалық бюджет есебінен жылу энергиясын есептейтін жалпы үйлік құрал орнатылады. Бірақ оның құнын тұрғындар кейін өтейді.
Үшіншіден, алдын ала төлейтін жарна енді болмайды. Бұрын 2014 жылы жөндеу жүргізу үшін арнайы ашылған шотта жөндеу бағасының бес пайызы мөлшерінде, ал 2015 жылы – жеті пайызы мөлшерінде қаржы жиналуы қажет болса, енді мұндай талап қойылмайды.
Бүгіндер, айта кетейін, тұрғындар жаңарту бағдарламасына немқұрайлы қарап жүр. Бұл орайда негізгі шарт кондоминиум нысанын тіркеу және пәтер иелерінің өз үйлерін жөндеуден өткізуге деген тілегі. Бірақ қазір 1051 үйдің 236-і ғана кондоминиумді тіркеткен. Біз тұрғындарға өз өмірлерін жақсартуды ұсынамыз, ал олар болса бас тартады… Иә, мұның бәрі ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын түсінбестіктен туады. Ал, қалай десек те, бұл бағдарлама ең алдымен сол тұрғынға керек. Сол тұрғындар мынаны түсінуі қажет, баспанаңды апатты жағдайға жеткізбей жөндеу парыз. Олай етпесең, кеш болып қалуы әбден мүмкін.
Бұл өміршең бағдарлама дәл уақытында қолға алынып отыр және оған жаппай қатысу арқылы тұрмысың да жақсарады.
1.Колл орталық
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционердік қоғамының жанынан тұрғын үй көмегін алу және кондоминиум объектілерін тіркеу, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын реттей-тін заңнамаларға сәйкес заңнамалық, экономикалық, техникалық және ақпараттық сауалнамалардың негізінде консультация алу және түсіндірме жасау үшін азаматтардың тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беретін республикалық ақпараттық Колл орталық жұмысын бастады.
Колл орталықтың номері – 8000 – 8000-12, республика бойынша телефонға қоңырау шалу тегін.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, жексенбі күні – демалыс.
2.Ақпараттық-консультациялық пункт
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының жанынан облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалалары бойынша 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, осы саладағы басқа да мәселелер бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтарды қабылдап, консультация беретін ақпараттық-консультациялық пункт ұйымдастырылды.
Ақпараттық-консультациялық пункттің кондоминиум объектілерін басқару органдары пәтер иелері және тұрғындармен қарым-қатынас біздің өңірде 21-26-24 телефон байланысы арқылы жүзеге асырылады.