Шөптібай БАЙДІЛДИН Жер бедері тартқан сыр
1916 жылғы Ұлт-азаттық кө-терілісіне сарбаз жинағанда осы ишандар әулеті жиені Аманкел-діге бата беріп, батаға арнап сойған қошқардың басын Құл-мұхамед ишан кесенесі ішіне дене топырағы үстіне қойған. Бас күні бүгінге дейін азбай сақтаулы тұр.
"Көкөлең" деген жерде Әмір Әбдіғапар ханның әкесі Жан-босынның үлкен қызыл мешіті, Бірәлі байдың мешіті мен мед-ресесі, Смайылдағы мешіт, Рах-мет байдың медресесі үйімен қабырғалас болған. Байтастағы мешіт, Оннандағы, Егіндідегі мешіт, Көшімбектің мектебі сол кезде сауат ашуға үлкен ықпал еткен. Жыланшықтың сағасына жақын Дүзбай қажы мешіті де үлкен дін орталығы болған. Мешіттің ұзындығы 30 метр, ені 18 метр болған. Дүзбай қажы-дан – Таласбай молда – Әбдіғали – Шынберген. Шынберген қазір Торғайда дәрігер.
Жоғарыда аталған Шашам-бай әулеті де халыққа ықпалды болған. Бай Шашамбай – Рахмет болыс – Ғабдолкәрім (Әбдікәрім деп айтылып жүр). Рахмет "Қар-ғалы-Қайдауылдың" болысы болған. Кейін "Жыланшық" бо-лысы болып өзгерген. Рахметтен кейін Бектас байдың баласы Сейіткерей болыс болған. Ғаб-долкәрім орысша, мұсылманша сауатты азамат болған. Торғай земкомның мүшесі болып, ел-дің тәуелсіздігіне белсене ара-ласқан. 1928 жылы бай баласы деп ұсталып түрмеде өлген. Орта жүзге қайырымдылығы-мен аты шыққан Бірәлі бай да байлар әулетінің ұрпағы.
Атасы Нұрым бай – Бектас бай – Бірәлі, Сейіткерей екеуі де бай болған. Бірәліге 5 мың жылқы бітсе, Сейіткерей "Қайдауылға" болыс болған.
Бірәлінің баласы Сұлтан ре-волюционер, Аманкелді батыр-дың сенімді серігі, әрі орын-басары, Совдеп мүшесі, әскери комиссар болған адам. Орын-борда оқып, орысша гимназия бітірген. Бірәлі – Сұлтан – Жыл-қайдар – Әлихан. Әлихан Тұң-ғыш Президенттің құрметті қа-рауылының командирі болған. Қазір құрметті демалыста, Ал-маты қаласында тұрады.
Осы Жыланшық өңірінде Бердікей ишан, Арыстанбай ишан, Құлмұхаммед ишан, Әб-дірахман ишан, Әбдірайым ишан, Қази ишан, Әулие Сар-молда, Қарамолда, Маймасар Тастаған оташы, Дүзбай қажы, Таласпай молда, Әулие Құлмыр-заұлы Баймен, атақты әулие қобызшы Тілеп бақсылар өмір сүрген. Халықтың тұрмысы мен мәдениетін қалыптастыруға сауатын ашуға үлкен ықпал жасаған тұлғалар.
Елге белгілі ақын, зергер, құралайды көзге атқан сұр мерген Таңат Сейдахметтің жаз жайлауы осы өңір болған. Жарбасты Мәтібай ақын, Құтжан, Нұржан ақын, әнші Баяхмет, күйші Мүсіреп, Тәуке, Көшек, қобызшы Әбен, Қазбек, Аманкелді батырдың ағасы Бектепберген мылтықты қол-дап соқса, ұста, зергер, Момын-ұлы Тайшық осы Жыланшық бойындағы қызыл үй, қызыл тамдарды қолдан күйдіріп сал-ған. Зергер, шебер, ұста Жам-былұлы Сейітқасым үй ағашын басты, шана жасады, етік, мәс тікті, сақина, жүзік соқты. Жылқы терісін илеп таспа ғып тіліп торсық өрген. Қабырға өзені бойында қалың ел жай-лаған. Абылайханның хас ба-тырларының бірі Өтетілеу ерекше ерлігімен көзге түскен.
Хан: "Әй! Анау ерлік көрсет-кен ұзын бойлы сары жігітті шақыршы" деген. Содан "Сары" атанып кеткен. Сары Қошқар батырлардың әкесі Дау батыр болған. Даудың мәңгілік тұрақ-таған жері Құмкешуден 15 ша-қырым Торғай-Тоқанай өзені арасындағы биік төбе. Қошқар батыр ағайын-туыс елін жинап әкесінің дене топырағының үстіне үлкен оба үйгізген. Топырақты үйе-үйе көпшілік шаршаған кезде Қошқар батыр-дың құрдасы бегімбет Иман батыр: "Әй! Қошқар! Науыр-зым көрінді енді обаны көтеруді тоқтатайық" деген екен. Аңғал батыр осы сөзге сенген. Қызға-ныштан ба, болмаса басқа себебі барма Даудың атын өшіремін деп Мырқали атты азамат әкесі Қожанға оба жанынан үлкен күйген кірпіштен кесене тұрғы-зады. Кесенесі қалап болған кез-де алапат дауыл тұрып кесене-нің барша кесегін ұшырып әкет-кен. Бұл жағдайды жергілікті халық күні бүгінге дейін тамса-на айтып отырады. Қазір Дау-дың басында ұрпақтары қойған ескерткіш бар.
Сары Қошқар батыр Даудың бел баласы. Кенесары хан зама-нында өмір сүрген. 1795 жылы туып 1874 жылы өзінің "Қоңыр" түбегінде дүниеден озған. Қош-қар батырдың басына да биік оба үйгізген. Кейінде батырға ас беріліп басына ескерткіш тақта, мүсіні қойылды. Обасы қоршалды. Сары Қошқар ба-тырдан туған Тоққожа, Аяпбер-ген, Бижан, Біржан аталарымыз-да тарихта ерекше орны бар елге беделді азаматтар болған.
Бижанға жылқының қылын қосып салған там, Біржан қа-жыға арнап салған оюлы қызыл кесене, Аяпбергеннің ақ сазға қыл қосқан сұпы тамы сақтал-ған.
Біржан қажыны кеңес үкіме-ті 1928 жылдар тұтқындаған. Біржан қажы көзі тірісінде өзіне кесене салдырған. 1928-ші жылдары кеңес үкіметі соттап Сібірге айдаған. Сібірден қа-шып келіп қайтқан. Өзі салған кесенеге жерленген. Осы өңірде Қошқар батырмен тұтас "Жол-дыбек", Сарыдан (ру аттары) шыққан батырлар көп болған. Көбі қазір естен шыққан. Көр-шілес "Құстөбе" ауылының Тор-ғай өзеніне жақын жеріндегі Өтеген (руы Сазан) қажы зира-тында Жаңабай, Жанай батыр-лар жатыр. Қабырға мен Кемер-дің арасындағы "Жолшора" қо-пасының жағасында Естекбай, Байсал, Нарымбай батырлар мәңгіге тұрақтаған.