Жайдарманшылар жарысқа шықты

db0260

Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қалалық мәдениет сарайы және жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен "Болашақтың қаласы" атты "Жайдарман"  ойындары өтті. Қала күніне орай өткізілген шараға "Ару кz", "Сүйкімді жайдарман", "Қошақандар", "Сарыарқа", "Ой-бу", "Дубль", "Шалдар", "Родина" құрамасы, "5-5", "Қысқа нұсқа", "Агротех", "Педколледж", "Ұландар" командалары қатысып, бақтарын сынады.
Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды "Сүйкімді жайдарман", 2 орынды "Ой-бу", 3 орынды "Сарыарқа" командалары жеңіп алды. "Үздік әзіл" номинациясын "Қошақандар" командасы,  "Үздік ойыншы" номинациясын "5х5" командасының ойыншысы Самал Айса иеленді. 
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓