Жертөледе жасырған
Облыстық ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері Тобыл қаласының тұрғынынан бір келіге жуық марихуана тәркіледі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тобыл қаласында 41 жастағы ер адам ұсталды. Қызметтік-іздестіру итімен күдіктінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер жертөледен шыны банкаларды, сондай-ақ салмағы 750 грамнан асатын кептірілген марихуана салынған картон қораптарды тапты.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері облыстық ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 82 қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 9 келіден астам әр түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды.