НАУҚАНҒА ӘЗІРЛІК ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде агрокеңес өткізді. Жиын барысында ол мекеме, кәсіпорын басшыларының есебін тыңдап, алдағы дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы  пікір алмасты. Өңір басшысы атап өткендей,  АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде үстіміздегі жылы саланы қаржылық қолдаудың барлық бағыттары сақталған.
Астықты өңірде 5 млн 173 мың гектар  егіс алқабы бар.  Оның басым бөлігіне бидай тұқымы себіледі. Биыл  облыс ауыл шаруашылығын дамытуға 27,6 млрд теңге субсидия бөлінді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестициялар көлемі 78,9 млрд теңгеге тең. НИК – 137,9%. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар 10,9 млрд теңге.
Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша 22,9 млрд теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып отыр. А.Мұхамбетов биыл өндірісті қолайлы жылдар деңгейінде – өнімділік, жалпы түсім және басқа да көрсеткіштер бойынша қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.  «Осыған байланысты, дән себуге дейінгі  кезеңде бар күш-жігерді жұмсап, барлық материалдық-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерді көктемгі егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде дайындауға және жүргізуге жұмылдыру  қажет. Шаруаларға табысты жұмыс және мол өнім тілеймін!»-деді ол өз сөзінде.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓