Қостанайлық педагог Бас жүлдені иеленді
Қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасындағы «Тіл мерейі» республикалық байқауында қостанайлық педагог Айткүл Доспанова бас жүлдені жеңіп алды.


-Байқауға қатысқанымда жүлделі орындардың бірінен үміттенгенім рас. Бірақ бас жүлдені аламын деп ойламаған едім. Танымайтын аудиторияда өз білгенімді дәлелдеп, ақтап шыққаныма қуаныштымын. Мұндай байқау адамның шыңдалуына көмектеседі,-деді жеңімпаз оқытушы Айткүл Доспанова.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай