8 адам газдан уланды
Алтынсарин ауылында моншада иіс тиіп уланған 8 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың ішінде бесеуі – балалар. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі уақытта ауруханаға түскендердің бірі әйел адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында, екеуі үйлеріне жіберілді. Барлық бес бала «орташа деңгейдегі улану» диагнозымен Қостанай қалалық балалар ауруханасына ауыстырылды.