Жағажайдағы волейбол сайысы
Жақында Қарасуда Астана күніне орай ерлер мен әйелдер арасында жағажай волейболынан аудандық турнир болып өтті. Оған аудан аумағынан 8 команда қатысты.
Тартысты өткен бәсекеде ерлер арасында Целинный ауылының командасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. 2-3 орындарға Симферополь және Қарасу ауылының командалары жайғасты. Әйелдер арасында алаң иелері – қарасулық команда жеңімпаз атанды. Ал Амангелді ауылының командасы екінші орынды, Целинный ауылының волейболшы қыздары үшінші орынды иеленді. «Турнирдің үздік ойыншысы» атағына Виктория Архипова (Қарасу) және Виталий Пешков (Целинный) ие болды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ