Карантин шектеулері жеңілдетілді

Қостанай облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын жеңілдетілді, деп хабарлайды өңірдің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда):
-күндізгі режимде жұмысқа жіберілуін шектеу;
-«Ashyq» жобасына қатысатын қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), объектілердің жүруіне рұқсат беру; Көлік бірліктерінің ең көп саны қауырт уақытта желіге шығатын қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру;
-өңірлер мен елді мекендер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беру;
-Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, уақыт бойынша шектеусіз жүріп-тұруына рұқсат беру көзделген.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓