Эпидахуал: +42

22 ақпанда Қостанай облысында коронавирус 42 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. –13, Рудный қ. – 6, Жітіқара қ. – 4, Денисов, Қарасу және Федоров аудандарында – 3, Алтынсарин, Әулиекөл, Қостанай және Сарыкөл аудандарында – 2, Б.Майлин және Қамысты аудандарында 1 адамнан.
37  адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді.  Індет жұқтырғандардың ішінде 39 адамда ауру белгілері болды, 3 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 22 ақпан аралығында COVID-19-ды 53 088 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 51 722.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 356 967 адам, екінші компонентпен 340 739 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓