COVID-19: +17 адам

5 шілдедегі мәлімет бойынша, Қостанай облысында  COVID-19  инфекциясын 17  адам жұқтырған. 
Коронавирус инфекциясы  Қарабалық ауданының 14 тұрғынынан және Тобыл қаласының 3 азаматынан анықталды.
Науқастардың жастары 12-88 жас аралығында. Олапр профилактикалық мақсатта, сондай-ақ COVID-19 жұқпасымен бұған дейін ауырған адамдармен байланыста болған адамдар ретінде эпидкөрсеткіштер бойынша тексерілді. ПТР диагностикалық  зерттеулерінің қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы барлығынан анықталды.
Аурулармен  байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.       Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
5 шілдедегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 инфекциясын 1098 адам жұқтырған, оның ішінде 335 адам жазылып шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓