Жөндеу жұмыстары жалғасуда
Ұзынкөл аудан тұрғындарын әбден әбігерге салып отырған ойлы-шұңқырлы жолдар қайтадан жөнделуде.
Тұрғындардың өтініш тілегін ескерген жергілікті билік өкілдері қар түскенше аудандағы маңызды бірнеше көше жолдарын жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Абылай хан және Абай көшелеріндегі жұмыстар бір сәтке толастар емес. Ауа райының қолайлы сәтін пайдаланып қалуды көздеген жұмысшылар күні-түні еңбек етуге дайын.