Шенеуніктер доп тепті
Жітіқара ауданы. Қар үстіндегі шағын футболдан мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорындар арасында аудандық спартакиада мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде өтіп тұратын бұл спорт түрі бойынша жарысқа барлығы 11 команда қатысып, бақтарын сынады. Финалға шыққан аудан әкімдігінен құралған команда №5 өрт сөндіру бөлімінің құрамасын ұтып, жеңімпаз атанды. Үшінші орынды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның аудандағы филиалының футболшылары қанағат тұтты.