Ескерткіші жаңартылды

Лисаков. Кеншілер қаласының орталық саябағында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жаңартылды. Игілікті істі «Гренада» ЖШС басшысы А.Громченко 8 миллион теңге қаражат бөліп, құрылыс жұмыстарын да өздері жүргізген. 1975 жылы қаланған ескерткіш соңғы рет 1985 жылы жөнделген екен. Жаңартылған ескерткіштің ашылу салтанатына ҰОС ардагерлері мен жергілікті билік өкілдері қатысты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓