«Қостанай жерінің қазынасы»

Міне, осындай тақырыппен облыс орталығындағы көркемсурет галереясында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамының 60 жылдығына арналған фотоқұжаттық көрмесінің тұсаукесері болып өтті.
IMG_1693 Көрме экспонаттарының құрамына Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Рудный тарихи-өлкетану мұражайы,  Қостанай облысының мемлекеттік  және Рудный қалалық мұрағаттарының сол секілді «ССКӨБ» АҚ ведомствалық мұрағаты қорларынан  фотосуреттер мен құжаттар енді. Құжаттар мен фотосуреттерде  Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының, «ССКӨБ»АҚ тарихы мен қызметі кезең-кезеңімен баяндалады Көрме «Бәрі осылай басталады», «ССКӨБ»АҚ бүгін» деген екі бөлімнен тұрады.
Гүлназым Сағитова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓