Жоғалған шопан табылды

Амангелді ауданына қарасты Қабырға ауылдық округінің Жарұйық қыстағында 24 жастағы шопан Асылан Жүнісовтің жоғалып кеткені туралы полицейлерге хабар түскен.
Ол мал қарауға шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дереу іздеу жұмысына кірісті.
Іздеушілер шопанды қыстақтан 30 шақырым жерден тапты.Ол боранның кесірінен бағытынан жаңылып қалған.
Казіргі таңда Асыланның жағдайы жақсы. Құтқарушылар оны Амангелді ауылына әкелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓