Тапшылық жоқ, тұрақтылық бар

Қостанай қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру мәселесі ерекше бақылауда. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Күн сайын негізгі тұтыну базарларында, ірі сауда орталықтарында, шағын базарлар мен қала дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің бағаларына мониторинг жүргізіледі. Осы жылдың 28 қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімдігінің қант пен көкөніс өнімдеріне шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін қаланың супермаркеттері тұрақтандыру қоры арқылы өнімдерді іріктеуді белсенді жүргізіп жатыр", – делінеді хабарламада.
Соңғы мәлімет бойынша, облыс орталығындағы сауда желілеріне 51,5 тонна картоп, 48,0 тонна қырыққабат, 32,0 тонна пияз, 20,8 тонна сәбіз және 60 тонна қант жеткізілген.
"Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 10 ақпанда жарияланған әлеуметтік тауарлармен қаланың супермаркеттеріндегі бос сөрелерге қатысты материалға түсінік бере отырып, жарияланым шыққан кезде өнімді одан әрі тасымалдау үшін сақтау қоймаларынан, атап айтқанда: ОРТ базарының аумағынан қантты (Складская, 1); Заречный кентінің "Терра" ШҚ көкөніс сақтау қоймаларынан іріктеу рәсімі жүргізілгенін атап өткен жөн. 11 ақпан күні таңертең кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері сауда нысандарындағы ӘМАТ бойынша бағаларға кезекті мониторинг жүргізді. Әлеуметтік сөрелердегі өнімдер жеткілікті көлемде қолжетімді", – деп толықтырды баспасөз қызметі.
Мониторинг нәтижелері көрсеткендей, өңірде өнім тапшылығы жоқ. Сақтау қоймаларындағы қорлар жаңа өнімге дейін тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓