Президент жалақы өсімі туралы: “Бұл – нағыз көзбояушылық”

"Орташа жалақы және жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді" деген көпірме есеп беріліп жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра, "орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді" деген көпірме есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓