Қысқы дайындықтары қаралды
"Қыс–2014" республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары аясында қала мекемелері мен ұжымдары қысқы әзірлік шараларын көрсетті.
– Қысты қапысыз өткізу – басты міндет. Осыған орай қалада апатты жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Оқу-жаттығулар кезінде "Торғай боксит кен басқармасы" АҚ, "Қостанай оңтүстік электр желісі" АҚ, "Тазарту–Ар-қалық" ЖШС, қалалық ішкі істер басқармасы, "Мамандандырыл-ған өртке қарсы күрес қызметі" ММ, аймақтық аурухана сынды мекемелер өздерінің тиянақты әзірліктерін көрсетті, – дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Кеңес Садуұлы.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.