Сыныққа сылтау жүрмеді

Қостанай қаласының тұрғыны гүл сататын дүкеншіні бөтелкенің сынығымен бопсалап, ақша мен ұялы телефонды тонап кеткен. Оқиға 22 тамыздың түнінде болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  розочкаҚостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері күдікті ер адам дүкеннің терезесін қағып, раушангүл сатылымда бар-жоғын сұрағанын айтты. Ер адам сатушыдан бір тал раушангүл сұраған. Дүкенде гүл болмағандықтан сатушы іздеуге кеткен. Осы кезде күдікті дүкеннің ішіне кіріп, сатушыға бөтелкенің сынған басымен сес көрсеткен.  21 жастағы зардап шегуші оған 12 400 теңге ақша мен құны 54 000 теңге ұялы телефонын берген. Түнгі патрульдеу кезінде 36 жастағы күдікті ұсталды. Оның Қостанай обылысының жергілікті тұрғыны екені, осыған дейін сотталғаны анықталған. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол Рудный қаласындағы уақытша изоляторда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓