“БЖК-2025” және “ҚЗЭ”: бағдарламалар жалғасады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (БЖК-2025) аясында мемлекеттік қолдау шараларын тиімді жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеуде.
«Даму» Қоры экономиканың басым секторларындағы микро-шағын және орта бизнеске, атап айтқанда: өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім беру, логистика секілді салаларға баса назар аудара отырып, қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
«Микронесие беру бағдарламасы іске қосылған 2020 жылдың соңынан бастап 17 727 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл мемлекеттік қолдау бағытының шарттары бойынша «Даму» Қоры кәсіпкердің несие сомасының 85%-на дейін кепілдік береді, ал қарызды субсидиялаудың арқасында ақырғы мөлшерлеме жылына 6%-ды ғана құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін несие мөлшері 5 млн теңгеге дейін болса, инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін беріледі. Мемлекеттік қолдаудың осы бағытына кәсіпкерлер тарапынан сұраныс көп болғандықтан микронесиелендіруге қаражат бөлуді арттыру жоспарлануда».
«Даму» Қоры жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастық байланыста болады және өңірдің әлеуеті мен мүмкіндіктеріне қарай тікелей бағдарланатын болады. Бұл ретте шағын елді мекендерде (моно-, шағын қалалар, ауылдар) жүзеге асырылатын жобаларды мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 4 қарашадағы «Моноқалаларды дамыту туралы» тапсырмасына сәйкес жылына 5%-бен, салалық шектеусіз қолдау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Даму» Қоры ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, орта бизнесті банктер арқылы қаржылық қолдаудың дәстүрлі және сұраныстағы құралдарымен ғана емес, сондай-ақ қор нарығы арқылы да қолдау ұсынды. Енді кәсіпкерлер облигациялық қарыздар бойынша кепілдік пен субсидия ала алады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауындағы тапсырмасы бойынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін жалғасатын болды. Бұл бағдарламаның міндеті – өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті арттыру, ішкі нарықты отандық тауар, қызметтермен қамту және импорт алмастыру. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде «Даму» Қоры несие сомасы 746,6 млрд теңге болатын 929 жобаға қолдау көрсетті.
Қолдауға ие болған және қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар аясында міндеттемелер қабылдаған жобалар толық көлемде орындалуда. Сондай-ақ, жақын арада бағдарламада көзделген тиісті бюджет процедуралары аяқталғаннан кейін жаңа өтінімдерді қабылдау бойынша жұмыс жалғасады.
Өтінім беру және оны қарау процесін жеңілдетіп, жеделдету үшін «Даму» Қоры цифрландыруды қарқынды жүзеге асыруда. Қазірдің өзінде құжаттарды қабылдаудан бастап субсидиялау және кепілдік беру шарттарына қол қоюға дейінгі процестер түгел цифрландырылды. Бұл – кәсіпкерлердің Қор қолдайтын жобаларының санын арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінде субсидиялау бойынша онлайн өтінімдердің үлесі 97%-ды, ал кепілдік беру бойынша 76%-ды құрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓