Болашақ – білімді жастардың қолында

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасына сұхбат беріп, қоғамды алаңдатқан "қасіретті қаңтар" оқиғасы, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді. 
Президент атап өткендей, саясат пен экономика қатар жүруі тиіс. Ел болашағы жастарды тәрбиелеп жатқан біз сияқты оқу орындары сапалы мамандарды даярлау арқылы мемлекеттің, экономиканың гүлденуіне үлес қосуымыз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы болашақта техникалық мамандарды көптеп әзірлеу керек деді. Қостанай облысы мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті осы бағытта ұзақ уақыт бойы сенімді жұмыс істеп келеді. Татарстан Республикасымен Машина жасауды дамыту жөніндегі үкіметаралық келісім аясында Қостанайдың индустриялық аймағында 2 зауыт салынуда, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ инженерлік кадрларды мақсатты даярлау үшін базалық университет ретінде айқындалды. Міндет – инженерлердің жаңа буынын өсіру. Осы мақсатта А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ мен Қазан федералдық университетінің Набережночелнинск институты (ҚФУ) арасында машина жасау саласы кадрларын мақсатты даярлау үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, екі дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Ал кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін біздің студенттер   "КамАЗ" КАҚ ірі холдингінің жоғары техноло-гиялық өндірісінде өндірістік тәжірибеден өтеді.
Жалпы, Президенттің айтпағы – білімді, бәсекеге қабілетті қоғам құру. Әлеуметтік, саяси, экономикалық реформалардың негізінде де осы қағидат жатыр деп есептеймін.
Алма Дощанова, 
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің басқарма төрағасы-ректоры.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓