Таңдауымыз таңбадай болсын!

Біздің бүгінгі таңдауымыз – «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», тұрақтылықты сақтай білетін тұлға болу керек.
Осы себепті, бұл жолғы Қазақстандағы саяси науқанның орны айрықша. Біз жаңа ғасырдағы жаңа қоғамға бет бұрып бара жатқан елміз. Әділетті Қазақстан жолын таңдап, сол даңғылмен жүремін деген әрбір азаматты бүгінгі сайлауға келіп, келешек ұрпақ тағдырының баянды болуына атсалысуға шақырамын.
Айбек Қалиев,
Айтыстың ақтаңгері, филология ғылымдарының кандидаты,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының деканы,
Арқалық қалалық мәслихатының депутаты.