Жас талғамайтын ауру
Соңғы кездері қатерлі ісік ауруларының ішінде сүт безінің ісігіне шалдыққандар саны артып келеді. Қостанайда осы аурудың алдын алу мақсатында "Дені сау әйел – дені сау ұлт" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жалпы, Қостанай облысы бойынша биыл қатерлі ісіктің алғашқы белгілерімен 192 адам анықталған. Нақтырақ айтсақ, арудың бірінші және екінші сатылары бойынша 147 әйел, ал үшінші сатыда 33, төртінші сатыда 14 әйел тіркелген. Мамандардың сөзінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда көп көрінеді. Бүгінде облыс-тық онкологиялық диспансерде 1835 әйел тіркеуде тұр. Олар сүт безінің қатерлі дертінің бірнеше түрі бойынша науқастанғандар.
– "Саламатты Қазақстан" бағдарламасы бойынша қоғамның назарын осы сүт безінің қатерлі ісігіне аударып жатырмыз. Яғни алдын алу шараларын күшейту үшін бұл мақсатта бізде үш айлық өтуде. Ауруға шалдығатындардың дені елу жастан асқан нәзік жандылар. Алайда, жас қыз-келіншектердің де осы індеттің құрығына ілініп жат-қандығы қынжылтады. Мәселен, жиырмадан енді ғана асқан жеті қыз бала осы дертке шалдыққан екен. Жастар арасында аурудың туындамауына дұрыс тамақтанудың да ықпалы бар. Мөлшерден тыс майлы тамақтар ішу сүт безінің қатерлі ісігіне шалдықтыруы мүмкін. Бұл дәлелденген мәлімет. Сондықтан, әр адам майлы тағамдар мен алкоголді сусындардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану-ға дағдылануы керек, – дейді облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының валеологы Р.Нәукенова.
Қарлығаш
ОСПАНОВА