Полиция департаментінде – жаңа басшы

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ерлан Омарбеков тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұған дейін ол ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ІІМ басшысы таныстырды.
Ерлан Болатұлы Омарбеков 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Органдағы қызметін милиция батальонында милиционер қызметінен бастаған. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында әртүрлі басшылық оперативтік лауазымдарда қызмет етті. ҚР ІІМ-де басшылық қызметте үлкен тәжірибеге ие – Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 
Қостанай облысының Полиция департаментін алты жылдан астам уақыт басқарған Бекет Аймағамбетов ҚР ІІМ-не орналасты. Бірақ әзірге нақты қандай қызметке тағайындалары белгісіз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓