111 адам дерт жұқтырды

Өткен тәулікте Қостанай облысында COVID-19-дың зертханалық расталған 111  жағдайы тіркелді. 955436.982e01ca3dafc27b006d0b509f8d27f8Қостанай қаласында – 62, Рудный қаласында – 24, Тобыл қаласында – 6, Жітіқара қаласында – 2, Лисаков қаласында – 3 адам дерт жұқтырған. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы 5 аймақ тұрғындарынан анықталды. Нақтылай айтқанда, Б.Майлин ауданында – 6, Әулиекөл және Науырзым аудандарында – 2-ден,  Жангелдин ауданында –1 және Сарыкөл ауданында 3 тұрғын індетке шалдықты. 
Пациенттер ЖРВИ белгілерінің пайда болуына байланысты медииналық көмекке жүгінуі кезінде, сондай-ақ профилактикалық мақсатта тестілеуден өту кезінде COVID-19-ға шалдыққандары анықталды. Олармен байланыста болған барлық адам медицианлық бақылауға алынды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
8 шілдедегі мәлімет бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясын 1314 адам жұқтырған, жазылып шыққандар саны – 375.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓