НЗМ жобасы үздіктер тізімінде

NIS-тің Педагогикалық өлшемдер орталығы ұсынған қазақстандық жоба алғаш рет «HundrED» (Финляндия) халықаралық байқауының шорт-тізіміне енді. «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» деп аталатын инновациялық әзірлеме үздіктер қатарынан табылып отыр.
Финляндиядағы «HundrED» академиясы қазақстандық педагогтардың әдістемелік жобалары алғаш рет үздік инновациялық идеялардың қатарына енгені туралы ресми ақпарат жариялады. «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» атты кәсіби әзірлеме орта білім беру саласындағы серпінді жобаларды іздеу және таратумен айналысатын ең беделді коммерциялық емес ұйымдардың сайтында жарияланды.
Аталған жоба критериалды бағалауды енгізу кезеңінде, яғни мұғалімдер үшін жаңа әдіс-тәсілдерді түсіну және қолданудың қажеттілігі туындаған сәтте іске асырылды.
Жоба бес бағалау стратегиясына мән бере отырып, сабақтарды жоспарлау мен өткізуге арналған 24 проактивті картаны қамтиды, сондай-ақ әр оқушыны өз білімін қалыптастыруға бағыттайды. Әрбір карта сабақты жоспарлау кезінде мұғалімнің рефлексия жағдайына назар аударып, формативті бағалауды қолдану нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлері инновациялық идеялар мен тәжірибелерді қамтитын әртүрлі әдістемелік ресурстарды жүйелі түрде әзірлеп, ашық ақпараттық платформаларда жариялайды. Қазақстандық жобаның Финляндиядағы табысы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы орталықтарының кәсіби жетістіктер сериясын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда финляндиялық білім беру жүйесі әлем бойынша үлкен қызығушылық тудыруда. Сол себепті «HundrED» дүние жүзіндегі ең танымал байқаулардың тізіміне енген. Конкурсқа 42 елден 129 жоба ұсынылды, соңғы нәтижелер 2022 жылдың маусымында шығарылады.
«HundrED» платформасындағы «Қалыптастырушы бағалауда проактивті мұғалім болу» жобасымен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓